Атырау облысында пайдаланылмаған 274 мың гектар жер қайтарылды

9 Қаңтар 2021, 04:46
1169
Бөлісу:
Атырау облысында пайдаланылмаған 274 мың гектар жер қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы Атырау облысында ауылшаруашылық мақсатында бұрын берілген 273 800 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды azh.kz.

Бұған жер иелерінің қажетті уақыт аралығында игере алмауы себеп болды.

Бұдан басқа, Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы хабарлағандай, сотқа коммерциялық мақсатта берілген пайдаланылмаған жерлерді қайтару туралы 35 талап арыз жолданды.
Оның ішінде, жалпы ауданы 113,4298 га болатын 18-і мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл Атыраудағы 7 учаске (6,5648 га), Индер ауданындағы 3 (104,367 га), Құрманғазы ауданындағы 3 (1,625 га), Жылыой ауданындағы 2 (0,729 га), Қызылқоға ауданындағы 2 (0,054 га) және Мақат ауданындағы 1 учаске (0,09 га), - делінген мәліметте.


Өзгелердің жаңалығы