Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді

28 Наурыз 2020, 20:45
1451
Бөлісу:
Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа тест жасаған жергілікті тұрғыннан инфекция анықталды, деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасынан.

 Бүгін 28 наурызда коронавирус жұқтырған бесінші жағдай расталды. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін Атырау облысында төрт адам коронавирус жұқтырған еді. Барлығы да стационарлық карантинде жатыр, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы