Атырау облысында карантин 8 маусымға дейін созылды

24 Мамыр 2020, 11:01
1313
Бөлісу:
Атырау облысында карантин 8 маусымға дейін созылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырау қаласында карантиндік шектеулер 2020 жылғы 8 маусымы сағат 07.00-ге дейін ұзартылды. Блокпосттан тек рұқсат етілген адам ғана өте алады.

Атырау қаласы және Жылыой ауданы мен Мақат ауылында карантинді 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулы шығарылды.
 
Мұндай шешімге Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев қол қойды.

Атырау облысының жедел штабы бекіткен ережеге сәйкес, рұқсат етілген адамдардан басқасы 2020 жылғы 25 мамырдағы сағат 07.00-ден 2020 жылғы 8 маусымда сағат 07.00-ге дейін Атырау қаласының карантиндік аймағын кесіп өтуге тыйым салынады.

Азаматтардың  жеке қозғалысына, қызметтік және қоғамдық көліктермен қатынауына жұмысқа барғанда, тамақ, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар сатып алғанда рұқсат етіледі. Сондай-ақ тұрғылықты жеріне жақын жердегі Қызмет түрлерін алуға, медициналық көмекке жүгінуге байланысты жағдайларда ғана жүруге болады.  
 
Ал 23.00-ден 06.00-ге дейін Атырау қаласында азаматтар мен көлік құралдарының қозғалысына толық шектеу қойылған. Жылыой ауданында 21.00-ден 06.00-ге дейін және Мақат ауылында 20.00-ден 06.00-ге дейін мемлекеттік органдардан басқасына себепсіз жүруге болмады.
Өзгелердің жаңалығы