Бас жаңалықтар
Атырау облысында блок-бекеттер қойылмайды
11 Шілде 2020, 02:42 136

Атырау облысында блок-бекеттер қойылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегацияның қатысуымен өткен онлайн-брифингте мәлімдеді.
Облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға, жауапкершілікті сезінуге шақырамын. Әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтауды және жеке гигиена туралы ұмытпаған жөн. Егер жағдай одан әрі нашарласа, біз карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр болатындығымызды ескертемін. Мұны алдағы екі апта көрсетеді, – деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырауға жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі Нұрсұлтан Ахмедия да болды.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында аймақтағы эпидемиологиялық ахуал бойынша шұғыл жиналыс өтті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...