Атырау облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

9 Қараша 2021, 22:06
952
Бөлісу:
Атырау облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері Атырау қаласы маңындағы 10 мың тұрғыны бар 6 ауыл жарықсыз қалды деп жазды 24.kz. 

Атап айтқанда, «Водинково-1» және «Водинково-2», «Тасқала» ықшам аудандарына қарасты төрт елді мекен 7 сағат бойы электр энергиясынан ажыратылды. Себебі жол құрылысын жүргізіп жатқан мекеме ешкімге ескертпестен жұмыстарын бастаған. Салдарынан жол іргесінде 70 см тереңдікке көмілген екі бірдей жоғарғы кернеулі жерасты желісін үзіп, оны ешкімге хабарламапты. Қазір апаттық жағдай қалпына келтіріліп, ауылдар электр желісіне толықтай қосылды. Ал жауапсыз жол жөндеушілерге қатысты арнайы комиссия шешім шығарады. 

Бәрі жер астымен жүреді. Бұрын бір кабель кеткен жағдайда резервтік кабельмен ток көзін беретінбіз. Бірақ мына жағдайда резервтік жүйенің де үзілуіне байланысты ток көзін беруге мүмкіндік болған жоқ. Сол себепті халық жарықсыз отырғанын түсіне отырып, күні-түні жұмыс істедік. Сағат 16.30-да өшті, түнгі 23:30-да жарық берілді, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Мұхтар Сағындықов. 



Өзгелердің жаңалығы