Атырау облысында 30 жылда қанша мұнай өндірілді?

19 Қараша 2021, 16:40
971
Бөлісу:
Атырау облысында 30 жылда қанша мұнай өндірілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Өңірде тәуелсіздік кезеңінде 687 млн тонна мұнай және 308 млрд тонна ілеспе мұнай-газ өндірілді. Жалпы өңірлік өнім 600 млн теңгеден 7,7 трлн теңгеге дейін өсті. Облыста 30 жылда 79 білім беру, 90 денсаулық сақтау, 37 спорт ғимараты, 31 мәдениет нысаны салынды, - деді Досмұхамбетов.

Әкім атағандай, 2,2 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, жөнделген.

Халықты газбен қамту 12 пайыздан 99 пайызға жетті. Ал орталықтандырылған сумен қамту 99,3 пайызға жетті. Осындай маңызды көрсеткіштер бойынша облысымыз республика бойынша бірінші орында, - деді облыс әкімі.


Өзгелердің жаңалығы