Бас жаңалықтар
Атырау облысында 1,5 жасар баланы іздеп жатыр
21 Мамыр 2020, 14:55 245

Атырау облысында 1,5 жасар баланы іздеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 мамыр күні сағат 20:10-да диспетчерлік қызмет пультіне Жұлдыз-1 ықшам ауданында сол күні сағат 13:00 шамасында үйдің ауласына шыққан 2018 жылы туған баланың із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп түсті.

Жедел іздестіру жұмыстары басталып, ауданның барлық маңайы тексерілді, жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді.

Бүгінгі күні іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД, Полиция департаменті мен Ұлттық ұланнан 272 қызметкер, 61 бірлік техника және 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ 418 волонтер, қала және қала маңы кенттерінің тұрғындары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жұлдыз ықшам ауданының 50-ден астам көшесі мен барлық аймақ тексеріліп жатыр. 

Атырау облыстық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады. 

Балаларды ересектердің қарауынсыз ешқашан қалдырмаңыз! Абайсыздық және немқұрайлылық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіреді, сондай-ақ жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін, - делінген Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы таратқан ақпаратта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...