Атырау облысында​ 170 мектепте​ 1446​ кезекші сынып ашылады

13 Тамыз 2020, 09:01
1709
Бөлісу:
Атырау облысында​ 170 мектепте​ 1446​ кезекші сынып ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекші сыныпқа​ 21​ мың 637 оқушы барады.​ Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады.

Бұл туралы Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингте айтты, деп хабарлайды​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды.​   Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр.​ Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі, - деді брифинг барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Өзгелердің жаңалығы