Атырау облысында 150-ге жуық адам Хэллоуин мерекесін тойлады

2 Қараша 2020, 23:31
1377
Бөлісу:
Атырау облысында 150-ге жуық адам Хэллоуин мерекесін тойлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, 1 қарашаның түнінде қаладағы «Бармаглот» барында 150-ге жуық адам Хэллоуин мерекесін тойлаған. Бұл туралы mgorod.kz хабарлайды. 

Жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-де аяқталуы тиіс ойын-сауық мекемеcі одан кейінгі уақытта да жұмысын жалғастырған. Көпшілігі жеке қорғаныс құралдарынсыз және арақашықтықты сақтамаған. Келушілер көңіл көтеріп, билеген. Бар әкімшілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзды, - делінген хабарламада.  
Барға жиналған адамдарды тарқатып, нысан жұмысын тоқтатуға полиция араласқан.
Тәртіп сақшылары жиналған материал мен жасалған хаттаманы бізге жібереді, соның негізінде процессуалдық шешім қабылдаймыз. Бар иесіне 230-дан 1600 АЕК (4,4 млн теңгеге дейін – ред.) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы