Атырау облысында тіркелген соңғы 3 науқас жайлы мәлімет

9 Сәуір 2020, 10:30
4769
Бөлісу:
Атырау облысында тіркелген соңғы 3 науқас жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 3 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 

09.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 39 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы