Бас жаңалықтар
Атырау облысы оқушылары қашықтан оқу құралдарымен толық қамтылды
PHOTO
24 Қыркүйек 2020, 10:20 122

Атырау облысы оқушылары қашықтан оқу құралдарымен толық қамтылды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы басшылары оқушыларға арнап алынған жаңа компьютерлік құралдарды қалалық білім бөлімі және облысқа қарасты аудан басшыларына салтанатты түрде табыс етті. 

Бұған дейін білім беру басқармасы мұқтаж отбасыларға мектептердегі 15 мыңнан астам компьютер құралдарын үлестірген. Сонымен қатар, үй жағдайында интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ 3 мыңға жуық отбасыға «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы желілер қондырып берген екен.


Жалпы облыс жаңа оқу жылын 196 мектеп 135 мың оқушымен бастады. Оның ішінде 165 мектепте 1904 кезекші сынып жұмыс жасап, 25 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Қашықтан оқу форматы бойынша балаларды техникалармен қамту үшін ауқымды жұмыстар жасалды. 15246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері уақытша берілді. Сондай-ақ, интернет желісімен қамту басты мәселе болған еді. Осының барлығы кезең-кезеңмен шешіліп жатыр, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Білім беру басқармасы басшысы бұл құрылғылардың барлығы ата-аналарға келісім шартпен табыс етілетінін айтты.


Биылғы оқу жылы мектептер үшін ерекше жағдайда басталды. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты мектептерде оқу үрдісінің қашықтан оқу форматына көшуі. Осыған орай, біз өңірдегі балалардың білім алуына жағдай жасап, құрылғылармен қамтып жатырмыз. Алдымен аз қамтылған, көпбалалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ озат балаларға берілуі тиіс. Барлық компьютерлік техника мектептің балансында болады. Ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен келісімшартқа отыру арқылы қайтарымды негізде жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, жаңа техникалардың кепілдеме уақыты бар. Бұзылған жағдайда мердігер мекеме жөндеп берулері тиіс. Планшеттерге 1 жылға дейін, ал компьютер мен ноутбуктер 2 жыл, - дейді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысы Сатқан Есенғалиев.

Атырау облысы білім беру басқармасы басшыларының айтуынша, аймақ оқушылары қажетті компьютерлік құрылғылармен толық қамтылған.



Фото: автордан
Загрузка...