Бас жаңалықтар
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
22 Қазан 2020, 17:04 174

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асхан Байдуәлиев Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 17-інен бастап Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарып келген Асхан Байдуәлиев Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.


Байдуәлиев Асхан Мархабайұлы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған Асхан Байдуәлиев еңбек жолын аталған университетте урология және жедел нефрология​ кафедрасында ассистент болып бастаған. Әр кезеңде ​ Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы, С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің қосымша кәсіби білім орталығы басшысы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыстар жөніндегі департамент директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдарында болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...