Атырау облысы аумағына блок-бекеттер қойылған жоқ

30 Қыркүйек 2020, 14:56
1590
Бөлісу:
Атырау облысы аумағына блок-бекеттер қойылған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Облыс аумағындағы 4 блок-бекет наурыз айынан бері тұр. 

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздің екі аймағында 4 блок-бекет пен 2 санитарлық бекет қойылғанын айтқан болатын

Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес 2 өңірде, яғни Атырау облысында - 4 блок-бекет, Ақтөбе облысында 2 санитарлық бекет қойылды. Баспасөз қызметі нақты қайда және не үшін қойылғанын аталған облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінен нақтылау қажет екендігін айтты.

Блок-бекеттердің қашан қойылғаны туралы білу үшін жергілікті әкімдіктерге хабарластық.

Атырау облысы аумағына блок-бекеттер қойылған жоқ. Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы 4 блок-бекет наурыз айынан бері тұр. Олар ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған болатын. Облыс аумағында одан басқа блок-бекеттер жоқ, - деп жауап берді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы