Бас жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытына айып тағылды
04 Тамыз 2020, 18:10 522

Атырау мұнай өңдеу зауытына айып тағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Монополияға қарсы органның өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытын (АМӨЗ) монополиялық жағдайды теріс пайдаланды деп айыптауда.

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты "сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-нің мұнай өңдеу кезінде бөгде ұйымның қызметтерін күштеп таңу фактісі бойынша монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды. Бұл мұнай өнімдерінің қымбаттауына әкелді.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органмен монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) 5%-ы мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін әкімшілік іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Іс бойынша шешім сот талқылауының қорытындысы бойынша қабылданатын болады.



Фото: дереккөз
Загрузка...