Атырау МӨЗ Жайықтан су алуды қашан тоқтатады? Әкім жауап берді
19 Қараша 2021, 17:29 166

Атырау МӨЗ Жайықтан су алуды қашан тоқтатады? Әкім жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық процестеріне Жайықтың суын пайдаланады. Біз қазір зауытпен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Қазір кәріз тазалау ғимаратынан шыққан суды технологияларға пайдалану туралы. Жалпы Атырау МӨЗ бірнеше процесі бар, үлкен технологиялық зауыт. Олар да кез келген суды пайдаланбайды. Өздерінің талаптары бар,- деді Досмұхамбетов.

Ол атағандай, судың сапасы сол талаптарға сәйкес екені тексеріліп жатыр.

Егер де ол су қолдануға келсе, соны пайдалану бойынша келісеміз. Біздің одан хабарымыз бар. Сондықтан қазір сол зерттеудің нәтижесін күтіп отырмыз, - деді Досмұхамбетов.

Әкім брифингте Мемлекет басшысының жолдауы аясында Атырау облысының дамуы туралы баяндады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...