Атырау мұғалімдері қашықтан білім беруге дайындалуда

20 Наурыз 2020, 20:18
2745
Бөлісу:
Атырау мұғалімдері қашықтан білім беруге дайындалуда
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда қашықтан оқуға шалғайдағы мұғалімдер дайын емес.

Өйткені, аймақтағы елді мекендердегі жеті жүзге жуық мұғалімнің интернетке қолы жетпей отыр. Сондай ақ, білім басқармасы
мамандары қазір оқушылардың қашықтан оқуға қолжетімділігі туралы нақты ақпарат жинап жатқандарын айтады.

Атырау облысында бүгінгі күні 11892 мұағлім бар. 130 мыңға жуық оқушымыз бар. Қазір көпшілікті "біз қашықтан оқуға дайынбыз ба?
балаларымыздың мүмкіндігі бар ма?" деген сауалдар туындап жатыр. Бұған мұғалімдердің, ата-аналарымыздың, балалардың өздерінің
жауапкершілігі болуы керек. Қазір ақпараттық технологиялардың жақсы дамыған кезі ғой. Біз Атырау облысы оқушыларын қашықтан оқытуға zoom бағдараламасын тиімді деп танып, жұмыс жасап жатырмыз. Мұны кез келген адам пайдалана алады. Бұл бағдарлама балалар, ата-аналар үшін өте ыңғайлы. Мұғалім сабақты толыққанды жүргізе алады. Сонымен қатар, балалар барлық сұрақтарын қоя алады. Дегенмен елді мекендердегі мұғалімдерде интернет жоқ. Бұл мәселені жергілікті әкімдіктер арқылы шешу жолдары қарастырылып жатыр. Қазір облыс бойынша балалардың техникаға, интернетке қолжетімділігі туралы мәлімет алып жатырмыз. Осы ақпарат толық дайын болған соң ғана мүмкіндігіміз белгілі болады, - дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Орынтай Биманова.

Өзгелердің жаңалығы