Атырау көшесінде баланы зорлай жаздаған мас адам ұсталды

7 Тамыз 2020, 07:29
3000
Бөлісу:
Атырау көшесінде баланы зорлай жаздаған мас адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық жасауға оқталды деген күдікпен мас адам ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлім етті.

Оқиға 6 тамыз кешкі сағат 19:45 шамасында болған. "Көктем" ықшам ауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында алкогольдік ішімдік ішкен ер адам жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Хабар алған бойда оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу абақтысына қамады, - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы