Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова есімі берілді

20 Наурыз 2020, 08:11
5402
Бөлісу:
Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова есімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыш, Қазақстанның Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Әуежайға батырдың есімін беру үшін алты министрліктің келісімі алынды. Республикалық ономастика комиссиясы Халықаралық әуежайға екінші дүниежүзілік соғыста аты аңызға айналған ұшқыштың есімін беру керек деген ресми шешім қабылдады, - деді облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің бастығы Жеміс Дияшева.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Гурьев облысы Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi  Қайыр - балықшы, анасы Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен. 

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. 

Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілген болатын.

2008 жылы 21 мамырда 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

Өзгелердің жаңалығы