Атырауда интернет қолданушылардың саны үш есеге артқан

8 Сәуір 2020, 21:58
2068
Бөлісу:
Атырауда интернет қолданушылардың саны үш есеге артқан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында "Қазақтелеком" байланыс операторының телефон байланысын 100 мыңнан астам, ал интернет желісін 85 мыңға жуық отбасы пайдаланады екен. 

"Қазақтелеком" АҚ Батыс өңірлік коммуникациялар дирекциясы Атырау жергілікті желілері техникалық торабы басшысының айтуынша төтенше жағдайға байланысты интернет желісінің қуаттылығын 20 пайызға күшейтіпті.

Бүгінгі күні әлемде болып жатқан жағдай интернет желісінің жұмысына да өз әсерін беруде. Халықтың барлығы үйде карантинде отыр. Басым бөлігі үйден жұмыс жасауда, оқушылар қашықтан оқып, олардың барлығы да интернетті пайдаланып жатыр. Осының барлығы желіні әлсіретіп тұр. Соның ішінде кешкі уақытта нашарлап кетеді. Бірақ бұл мәселенің барлығын уақытылы шешіп жатырмыз. Тұтынушылар көбейіп, желі әлсірегесін қуаттылықты 20 пайызға арттырдық. Сонымен қатар, соңғы апталарда біздің байланыс операторына халықтың тарапынан сұраныс күрт көбейді. Тұтынушылардың сұранысы 3 есеге көбейіп, үлгере алмай жатырмыз. Бұрын біз айына мың жарымға жуық тапсырысты орындасақ, қазір екі мың жарым, үш мыңнан астам байланыс орнатуымыз керек. Сондай ақ, қалалық білім бөлімі 2600 отбасыға интернет желісін орнатуға ұсыныс берді.Одан басқа аудандарда, ауылдық елді–мекендерден сұраныстар түсіп жатыр. Оның барлығына уақытылы қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз. Өкінішке орай, техникалық мүмкіндік жоқ жерлер де бар. Оларға Алтел желісін қондырып жатырмыз. Дегенмен Атырау қаласы ішінде интернет желісі бармаған ықшамаудандар бар.Мұның барлығын шешуге жұмыстанудамыз,-дейді "Қазақтелеком" АҚ Батыс өңірлік коммуникациялар дирекциясы Атырау жергілікті желілері техникалық торабы директорының міндетін атқарушы Дархан Хұсынов.
Өзгелердің жаңалығы