Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп

5 Сәуір 2021, 18:01
2012
Бөлісу:
Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда коронавирусқа қарсы екпе алушылардың қарқыны жоғары. Алғашында халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін медицина саласының қызметкерлері, полицейлер, мұғалімдер алған еді. Енді қарапайым халықтың қарасы көп. Қала емханаларында екпе алуға келгендердің қатарында жас та, кәрі де бар. 

Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп
Вирусқа қарсы вакцина алуға келдім. Бұл өзімнің денсаулығым үшін ғана емес, отбасымның, ортамның, қоғамның амандығы үшін маңызды. Мен жыл сайын тұмауға қарсы, басқа да екпелерді тұрақты түрде алып тұрамын. Әрбір адам өз денсаулығына өзі жауапты. Қазір дәрігерлер мені жан-жақты  тексерді. Енді кезегімді күтіп отырмын, - дейді Атырау қаласы тұрғыны Серік Биғалиев. 
Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп

Атыраулық Қарлығаш Қабдырахманова дәрігерлер алдымен қан қысымын тексергенін айтты.
Қазір ғана коронавирусқа қарсы екпені алып шықтым. Дәрігерлер алдымен қан қысымымызды, жүрек соғысымызды, тынысымызды тексерді. Арнайы анкетаны толтырдық. Қазақстан азаматы ретінде барша отандастарымды вакцина алуға шақырамын. Өйткені бұл өзіміз үшін маңызды. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Індеттен тез құтылуымызға жол ашады, - дейді қала тұрғыны.

Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп

 Дәрігерлердің айтуынша, халық қарқынының көптігінен бір емхананың өзінен екі дәрігер қабылдап жатыр екен. 

Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп

Екпе алуға келіп жатқандар көп. Бұған инфекцияның өршіп жатқаны себеп болар. Бастапқыда құқық қорғаушылар, медицина және білім саласының қызметкерлері алған еді. Енді тұрғындардың көптігінен емхананың өзінен екі дәрігер қабылдап жатыр. Бастапқыда жас ерекшеліктеріне қараған едік. Енді 70-тен асқандар да бар. Жалпы бір күнге бір дәрігер 60 адамға вакцина салуы тиіс болса, қазір 80-ге дейін көбейіп кетіп жатыр. Сол себептен біз адамдар қарқынын басу үшін уақыт аралығын 10 минуттен есептеп, бөліп шақырып жатырмыз. Әріптестерім келушілердің денсаулығын жіті тексеруде. Екпе алғаннан кейін арнайы демалатын бөлме де бар, - дейді №5 қалалық емхананың дәрігері Өтеген Тоғжанов.

Жалпы Атырау облысына екпе науқаны басталғалы «Спутник V» вакцинасының 7200  дозасы жеткізілген. Қазір оның 4 мыңнан астамы салынған. Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше сәуір айының 10-ына дейін аймаққа қосымша 9 мың вакцина келеді екен. 

Өзгелердің жаңалығы