Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

17 Қаңтар 2020, 20:18
2071
Бөлісу:
Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының жаңа әкімі Қайрат Оразбаевты таныстырды.


Қайрат Құлымұлы Оразбаев 1963 жылы 8 тамызда Атырау облысында дүниеге келген.

1987 жылы Қазан қаласының химия-технология институтын Мұнай өңдеудің химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірді. Квалификациясы: инженер-химик-технолог.

Еңбек жолын 1979 жылы "Маңғышлақ- мұнайбарлау" кешенді экспедициясында оператор болып бастады. Кейіннен Мұнай өндіру басқармасында слесарь, В.И.Ленин атындағы Гурьев МӨЗ-інің № 3 цехында оператор болып жұмыс істеді.

1987-1996 жылдары № 1 цехтың алкилация қондырғысының бастығы, № 4 цехтың бастығы, эстакада бастығы, № 4 цех бастығының орынбасары, цех бастығы қызметтерін атқарды. Мұнай өнімдерін есепке алу мен тарату жөніндегі өндіріс секторы (кейіннен бөлім) жұмысын ұйымдастырумен айналысты және бөлім бастығы болды.

1996 жылы «Лукойл АМӨЗ» АОЗТ Бас директоры. Қазақстан Республикасы 1996 жылы шілдеде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі аппаратының Өндірісті дамыту бас басқармасы бастығының орынбасары лауазымына ауыстырылды 1997 жылғы наурыздан бастап 2002 жылғы қаңтарға дейін "ҚазақОйл" ҰК-да Техникалық саясат департаментінің жетекші маманы, аға эксперт, Мұнай және газды өндіру мен тасымалдау департаментінің менеджері, "АМӨЗ" ААҚ қайта құрылымдау жоба басқармасы департаментінің сектор меңгерушісі, "АМӨЗ" ҰК "ҚазақОйл" ААҚ қайта құрылымдау жоба басқармасы дирекциясы бас менеджерінің орынбасары. 2001-2007 жылдарда «АМӨЗ» ААҚ салынып жатқан кәсіпорнының директоры - Дамыту жөніндегі Вице-президенті. "АМӨЗ" ЖШС күрделі құрылыс және дамыту жөніндегі директоры.

2007 жылғы қыркүйектен бастап өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерін басқарып - Бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер қызметін атқарды. Кейіннен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да Маркетингтік анализдеу департаментінің директоры, мұнай өңдеу және мұнай-химия дамыту жөніндегі директордың орынбасары қызметтеріне ауыстырылды. "АМӨЗ" ЖШС-нің Дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары, бас директор- дың дамыту және модернизация жөніндегі бірінші орынбасары.

2013 жылғы 2 шілдеден бастап "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің бас директоры болған. Оның тікелей басқаруымен 2008 жылы Сапалы мұнай өнімдерін шығару саласы едәуір алға басты, баяу кокстау мен ЭЛОУ-АВТ-3 вакуум блогы қондырғыларын қайта құрылымдау табысты аяқталды.

"KAZENERGY" медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің екі Алғыс хатымен, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Мұнай және газ министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.


Өзгелердің жаңалығы