Бас жаңалықтар
Атыраудан елордаға қатынайтын пойыздар тоқтады
13 Шілде 2020, 20:28 110

Атыраудан елордаға қатынайтын пойыздар тоқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған пойызға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде осы шешімнің күші жойылғанға дейін "Атырау - Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол" бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы Атыраудан 2020 жылдың 13 шілдеден бастап, Нұр-Сұлтан Нұрлы Жолдан 2020 жылдың 15 шілдеден бастап, Атырауға 2020 жылғы 17 шілдеден бастап жол жүруі уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Аталған пойызға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...