Бас жаңалықтар
123 мың мұғалімнің жалақысы өсті – министр
21 Қазан 2019, 11:39 1005

123 мың мұғалімнің жалақысы өсті – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында педагогтарды аттестациялау жүйесі қандай нәтиже бергенін айтты.

«Педагогтарды аттестациялау жүйесі өзгеріп жатыр. Бүгінде бұл олардың жалақысын өсірудің тиімді механизмі болып отыр. 123 мыңнан астам педагог тест тапсырып, нәтижесін көріп отыр. Бізде мұғалімдер тестілеуден өте алмайды деп жиі айтады. Бұған менің алып қосарым тест тапсырғандардың 70 пайыздан астамы тестілеуден өтті. Бүгінде 123 мың мұғалім 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы алып отыр. Әрине, ұлттық біліктілік тестілеу тәртібі мен механизміне қатысты сұрақтар бар. Бүгінде көптеген нәрсені өзгертіп, жетілдіріп жатырмыз», - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Аймағамбетов қарашада шамамен 70 мың астам педагог тестілеуден өтетінін айтты. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мектепке дейінгі білім беру, қосымша, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының педагогтарының кәсібилігін ұлттық біліктілік тестінен өту арқылы аттыру қарастырылғанын атап өтті. 

Аттестациядан өткеннен кейін алған санатына байланысты олардың да жалақысы  көтеріледі.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бағдарламасынан ағылшын тілін оқыту алынып тасталуы мүмкін екенін айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...