Энергетика министрлігінің Алматы облысындағы лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

26 Шілде 2021, 21:22
1054
Бөлісу:
Энергетика министрлігінің Алматы облысындағы лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін пара алғаны анықталды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша әшкереледі. 

Осылайша осы Департаменттің басшысы өзіне бағынышты – бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу күдігіне ілінді. Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ, - делінген агенттік хабарламасында.
Айтуынша, тергеу жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.
Өзгелердің жаңалығы