Атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жоғары білім саласына елеулі серпіліс береді – Нұрмолдин

4 Қыркүйек 2021, 09:36
2683
Бөлісу:
Атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жоғары білім саласына елеулі серпіліс береді – Нұрмолдин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің деканы Ерік Нұрмолдин пікір білдірді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің ұжымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ықыласпен тыңдады. Президентіміз қоғамдық-саяси саладағы аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттік тіл мәселесі, жергілікті басқару, т.б. салалардағы өзекті сұрақтардың шешу жолдарын айқындап берді. Жолдауда азаматтарымыздың тұрмыс-ахуалын арттыруға, әр сала еңбеккерлерінің жалақысын заман талабына сай көтеруге бағытталған әлеуметтік шаралар легі де тастүйін белгіленген, - деді ол.

Ерік Нұрмолдин еліміздің жоғары білім саласы мамандары ретінде әріптестері Мемлекет басшысының білім және ғылым саласын қолдауға қатысты берген тапсырмаларын қуана қабылдаған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке атом инженерлерін дайындауды, сутегі энергиясын пайдалану саласында ізденуді тапсырды. Бұл еліміздің осы саладағы жоғары білім мен ғылым ісіне үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Президент баса назар аударған бұл энергия салаларында ЕҰУ-дың физика-техника факультеті ғалымдарының айтарлықтай жетістіктері бар. Олар бұл бағыттағы ғылыми ізденістерін жалғастырып, ел энергетика саласына өзіндік үлестерін қосуға әзір, - деп пікір білдірді декан.

Мемлекет басшысының елімізде білікті атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру туралы ұсынысы да Қазақстан жоғары білімі саласына елеулі серпіліс беріп, нәтижесінде атом энергетикасы саласына лайықты мамандар легі даярланатынына сенімін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы