Атом электростансалары геосаясаттың құралы екенін түсінеміз – Келімбетов

15 Қараша 2021, 14:15
1591
Бөлісу:
Атом электростансалары геосаясаттың құралы екенін түсінеміз – Келімбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов «Астана клубының» алтыншы отырысында айтты.

Біз атом электростансалары геосаясаттың құралы екенін түсінеміз. Ал технологиялар - біздің қауіпсіздігіміз, жайлылығымыз, бірақ саясатқа жатпайды. Дегенмен Қазақстан атом энергетикасын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Менің білуімше, Президент Тоқаев Үкіметке бұл мәселені тыңғылықты әрі бағамдап қарауды тапсырды. Бұл жерде атом энергетикасы тұрақты дамуға қаншалықты үлес қосады деген мәселе тұр, - деді ол.

Келімбетов болашақта жаңа технологиялардың пайда болуына қатысты пікірін де айтты.

Болашақтың технологиясы мен карбон бейтараптығы туралы мәселе көтерілгенде жақын арада біз мүлдем жаңа технологиялардың пайда болуына куә болуымыз керек. Бұл тек жаңа технология ғана емес, дамыған елдер сатып ала алатын технологиялар. Бұл орайда революциялық емес, эволюциялық әдісті қолданған абзал. Меніңше, Қазақстанның күн тәртібі Қытай мен Үндістанның күн тәртібіне жақын. Технологияны дамытатын мүмкіндіктерді пайдаланған жөн. Мәселен, бізде көмірсутекті қақпандарға қатысты қызығушылығымыз жоғары, - деді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, «Астана клуб» отырысы үш күнге созылады. Шараға әлемнің 50-ге жуық сарапшысы қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы