Бас жаңалықтар
Атаулы әлеуметтік көмек IV тоқсанда автоматты түрде тағайындалады
25 Қыркүйек 2020, 21:13 690

Атаулы әлеуметтік көмек IV тоқсанда автоматты түрде тағайындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 130 мың отбасыдағы 650 мыңнан астам қазақстандыққа, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындау, олардың мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде қабылданды және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұл шара ауылдық әкімдіктерде және жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай жиналуының алдын алады, осылайша азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Бірінші рет жүгінген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар АӘК тағайындауға өтініш берушілерге мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізеді, барып тексеріс өткізбейді. АӘК өтінімдерін жаңарту кезінде кірістердің белгілі бір түрлері ескерілмейді.

Бұған дейін АӘК алушыларына төтенше жағдай мен шектеу шараларының себебінен II және III тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылған болатын.

АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалатынын еске саламыз.

Қазақстанда аз қамтылған азаматтар қатарынан барлығы 760 мыңнан астам АӘК алушы бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//