Осы айда АӘК қысқартылатыны рас па?

11 Тамыз 2020, 18:15
2204
Бөлісу:
Осы айда АӘК қысқартылатыны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай кезінде АӘК кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалса, осы тоқсанда есептеу көзделген, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қысқартылғаны туралы ақпарат тарауда.

2020 жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында Нұр-Сұлтан қаласында АӘК есептеу 2 жылдың II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ, "Электронды үкімет" веб-порталының "Электронды өтініш" бөлімі немесе czasp@astana.kz электрондық поштасы арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді.

АӘК тағайындау, төлеу және алу шарттары туралы барлық сұрақты 8 7172 57 88 88 – бірыңғай телефоны арқылы қоя аласыз. Консультациялар әрбір өтініш берушімен жеке жүргізіледі, - деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығында.

Кеңес беру барысында АӘК тағайындау шарттары туралы толық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұралатын мәліметтер тізбесі және т.б. Сондай-ақ, адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы отбасының әрбір мүшесі туралы ресми ақпаратты ғана пайдаланатынына назар аударамыз. Консультация нәтижелері бойынша азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті "Электрондық үкімет" веб-порталының "Электрондық өтініш" бөлімі немесе czasp@astana.kz электрондық поштасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығына жібере алады, - деп түсіндірді мамандар.

АӘК қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімге тағайындалады.

АӘК тағайындау, төлеу және алу шарттары бойынша төменде көрсетілген телефондар бойынша ХЖҚО мамандарына қоңырау шалу арқылы кеңес алуға болады: 

Алматы ауданының тұрғындары үшін: 

Нурмахамбетова Назерке Сейтмуханбеткызы – 8 775 351 00 00, 

Бегайдарова Дана Талгатовна – 8 747 433 71 88. 

Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін: 

Абикенова Акмарал Рашитовна – 8 702 510 84 30, 

Етекбаева Наргиз Казбековна – 8 777 113 04 84. 

Есіл ауданының тұрғындары үшін: 

Киматова Гульнара Темирбулатовна – 8 775 939 63 42, 

Каракулова Шарбану Кенесбековна – 8 705 102 22 26. 

Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін: 

Ахметбекова Нагима Каирбековна – 8 702 583 66 43,

 Казизова Асель Даулетбековна – 8 705 423 16 84.

Өзгелердің жаңалығы