Су ресурстарын тиімді пайдалануымыз қажет – Атамқұлов
16 Қараша 2021, 12:53 79

Су ресурстарын тиімді пайдалануымыз қажет – Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірленді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Біз ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу үшін Интерактивті карта әзірледік. Картада әрбір ауыл бойынша қажетті ақпарат бар. Атап айтқанда: сумен жабдықтау, қаржыландыру, қаражатқа қажеттілік, халық саны, желілердің ұзындығы, тозу және тағы басқа қажетті мәліметтер, - дейді Атамқұлов.

 
Оның сөзінше, карта интернетте ашық орналасқан. Кез келген азамат ол картадан өзін қызықтыратын ауылды көре алады.

Біз интерактивті картаны жаңартып жатырмыз. Онда халықпен кері байланыс орнату үшін су беру тұрақтылығы және көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы ақпарат қосу шаралары қабылданып жатыр. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда екенін ескере отырып, Әкімдіктер интерактивті картаға деректердің сапалы және уақтылы толтырылуын қамтамасыз етуі қажет, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...