Бас жаңалықтар
Атамқұлов кредиттік үй салу үшін жыл сайын 400 млрд теңге қажет екенін айтты
02 Ақпан 2021, 09:43 500

Атамқұлов кредиттік үй салу үшін жыл сайын 400 млрд теңге қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының  тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа пакетін енгізу тапсырмасына қатысты жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту арқылы тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі  әзірленеді. Сонымен қатар кредиттік тұрғын үй құрылысын ұлғайту мен «5-10-20»  жобасын жалғастыру ұсынылады. Ол үшін жыл сайын 400 млрд теңге қажет. Бұл жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді, - деді ол. 

Атамқұлов айтқандай, осы тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады. 

Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы назарда. Олар уақытылы орындалатын болады, - деді ол. 

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев барлық министрлікке бірқатар тапсырма берген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Атамқұлов АЭА-ның жұмыс істеу мерзімін 49 жылға созуды ұсынған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...