Атамқұлов: Қараөткел ауылына 40 млрд теңге бөлінуі керек

16 Қараша 2021, 09:35
741
Бөлісу:
Атамқұлов: Қараөткел ауылына 40 млрд теңге бөлінуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Елімізде жыл сайын халық саны артуда. Тиісінше су тұтыну көлемі де ұлғайды. Халықтың көші-қонына байланысты бүгінгі күні 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет, - дейді министр.
Атамқұлов әкімдіктер бұл ауылдар үшін жобалау-сметалық құжаттаманы тез арада әзірлеу керектігін тапсырды.

Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында іс жүзінде 18 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары 8 мың адамға арналған. Мұндай ауылдарда су құбыры желілерін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы