Елдің экономикалық дамуында оң динамика байқалады – вице-министр

20 Қазан 2021, 10:42
1517
Бөлісу:
Елдің экономикалық дамуында оң динамика байқалады – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев «Astana Mining and Metallurgy-2021» тау-кен металлургия конгресінде ел экономикасының қазіргі деңгейі туралы айтты.

Қазір еліміздің экономикасы бүкіл әлемдегідей пандемияны бастан кешіруде. Соған қарамастан, біздің елдің экономикалық дамуында оң динамика байқалады. Бірақ жағдай әлі де қиын екенін атап өткен жөн. Біз экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың ассортиментін кеңейту, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар экспорт географиясын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруымыз қажет, - дейді Сәрсембаев.

Оның мәлімдеуінше, бұл бізге әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайында еліміздің металлургия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Сәрсембаев еліміздің тау-кен саласында 230 мың отандасымыз еңбек ететін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы