Атамқұлов ауызсумен қамту деңгейі ең төмен 4 өңірді атады
16 Қараша 2021, 09:13 528

Атамқұлов ауызсумен қамту деңгейі ең төмен 4 өңірді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін ел халқын түгелдей сапалы ауызсумен қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл міндет «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылады, - деді Атамқұлов.
Өз мәлімдемесінде министр 2020 жылдың қорытындысына тоқталып кетті.
Елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік деңгейі 94,1% құрады, оның ішінде: ауылдарда - 90,1%, қалаларда - 97,5 %. Жылдың соңына дейін тиісті көрсеткіш ауылдарда – 91,8%, қалаларда – 98 % жетуі тиіс, - дейді ол.
Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өңірлердің таза сумен қамтылу деңгейін айтты.

Бүгінде өңірлерде таза суға қолжетімділік әртүрлі деңгейде.

Ауызсумен қамту деңгейі 3 өңірде: Атырау (98,5 %), Алматы (98,3 %), Қызылорда (97,6 %) облыстарында жоғары. Жекелеген өңірлерде артта қалу байқалады. Ауыл халқын ауызсумен қамту деңгейі 4 өңірде ең төмен. Олар: Қостанай (64,7 %), Шығыс Қазақстан (81,4 %), Солтүстік Қазақстан (82,1 %) және Жамбыл (82, 2%) облыстары, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...