Бас жаңалықтар
Атамқұлов АЭА-ның жұмыс істеу мерзімін 49 жылға созуды ұсынды
02 Ақпан 2021, 09:34 998

Атамқұлов АЭА-ның жұмыс істеу мерзімін 49 жылға созуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында арнайы экономикалық аймақтар қызметінің төмендігін және жобалардың әлсіз екенін атап өтті. Біз әрбір АЭА бойынша талдау жүргіздік. Дамыған елдердің тәжірибесін зерделедік, - деді ол. 

Атамқұлов АЭА-ның жұмыс істеу мерзімін 49 жылға дейін созуды ұсынды. 

АЭА-ның аумақтарындағы қызмет түрлерінің басымдығын алып тастау және өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары мен секторлары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету. Әрбір инвестор үшін жеңілдікті топтаманың инвестициялар көлемі бойынша сәйкестігіне байланысты түрлі қолданылу мерзімін ұсыну қажет. Жауапкершілікті де қарастыру керек. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда бизнес тиісті кезең үшін барлық есептелмеген салықтарды қайтаруы тиіс, - деді ол. 

Атамқұлов мемлекеттік органдармен бірлесіп АЭА бойынша жол карталары әзірленетінін айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...