«Атамекен» ҰКП: Алматыда 6 мыңнан аса адамға ыстық тамақ таратылды

10 Қаңтар 2022, 11:20
1080
Бөлісу:
«Атамекен» ҰКП: Алматыда 6 мыңнан аса адамға ыстық тамақ таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҰКП және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы бірлесіп, әлеуметтік мекемелер қызметкерлеріне, әскерилер мен полицейлерге ыстық тамақ жеткізді. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Үш күннің ішінде ыстық тамақтың 5,9 мың порциясы қалалық және модульдік ауруханалар, жедел жәрдем станциялары, перзентханалар, өрт сөндіру қызметі, балалар үйлері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің госпитальдары, Алматы қаласының аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Бүгін, 10 қаңтарда еріктілер соңғы 270 порцияны жеткізеді.

Алматы өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері еріктілер қатарына қосылып, нан, су тасыды, қауіпсіз болмаса да, ауруханалар, госпитальдар, балалар үйлеріндегі бекетттерге ыстық тамақ жеткізді. Сонымен қатар SMALL супермаркеті қызметкерлеріне және адамдарға жәрдемдесу үшін азық-түлікті арзан бағамен сатып алуға көмектескен «Барыс» базарына алғыс білдіреміз, – деді ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі  Вероника Нұрпейісова.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің бастамасымен 1000 порцияны «Манар» кафесінің қызметкерлері, 8-9 қаңтарда 4940 порцияны Lanzhou тез тамақтану мейрамханалар желісінде дайындады.

 

Өзгелердің жаңалығы