"Атамекен" ҰКП азаматтарға миллионнан астам консультация көрсеткен

6 Қараша 2019, 10:36
2206
Бөлісу:
"Атамекен" ҰКП азаматтарға миллионнан астам консультация көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасында ұлттық палата көрсеткен қаржылай емес қолдау шаралары туралы Үкімет отырысында мәлімдеді. 

"Атамекен" ҰКП бес бағытта қаржылай емес қолдау шараларын жүзеге асырады: жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету; моноқалалардағы шаруаларды, әсіресе облыс орталықтарындағы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау туралы ақпарат жеткізу; бизнес-мектеп; іскерлік байланыстар; аға сеньор. Төрт жыл он ай ішінде жасалған жұмыстарға тоқталсам, бірінші жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қызмет көрсету бойынша 211 мыңнан астам кәсіпкерге бухгалтерлік-салықтық, кедендік, жобаларды және бизнес жоспарларды сүймелдеу, заңгерлік, маркетинг мәселелері бойынша, мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу туралы ақпарат беру және мемлекеттік жекешілік әріптестік туралы тегін қызмет көрсетілді, - деді Мырзахметов.  

Моноқалалардағы шаруаларға, әсіресе облыс орталықтарындағы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау туралы ақпарат жеткізу бойынша, әсіресе аудан орталығы мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер мен қожалық басшыларына миллионға жуық консултация көрсетілген. Оның ішінде 514 мыңы – шағын және орта кәсіпкерлерге, жартысы – жеке кәсібін ашам деген ауылдық жерлердегі азаматтарға. "Бизнес мектеп" бойынша 100 мыңнан астам кәсіпкер оқытылды. "Іскерлік байланыстар" бойынша 2400 астам шағын және орта бизнес өкілі оқудан өтті және 174 кәсіпорын Германияда өзінің менеджменттік сапаларын арттыруға жұмыс істеді. "Аға сеньор" бойынша 255 шетелдік маман кәсібін дамытуға миссиялық көмек көрсетті. 


Осы жылдар ішінде 27 мың кәсіпорын ашылды. Рұқсат беру құжаттарын 20 мыңға жуық шағын және орта кәсіпорны алды. Жобаларды қаржыландыруға көмек көрсетуге 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жобаларды сүйемелдеуде 45 мыңнан астам кәсіпорын көмек алды. 97 мың қызмет алған кәсіпорындар төлеген салық 811 млрд теңгені құрады, - деп сөзін түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Бизнестің жол картасы - 2020" нәтижелері қорытындыланған болатын. Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында Дәленов "Бизнестің жол картасы - 2020" шаралары биыл аяқталатынын, сондықтан  мемлекеттік бағдарламаның жаңа жобасы әзірленетінін айтқан болатын. 
Өзгелердің жаңалығы