Бас жаңалықтар
Атамбаевты ұстау кезінде 48 адам зардап шекті
08 Тамыз 2019, 11:03 436

Атамбаевты ұстау кезінде 48 адам зардап шекті

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты күшпен ұстау әрекетінен кейін Бішкек пен Шу облысының емханаларына 48 адам медициналық көмекпен жүгінген. Бұл туралы Апрель агенттігі елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оның мәліметінше,  тоғыз адам амбулаториялық емделуге жіберілген, 25 адам жабық ми жарақатын алған, төрт адам оқ жарақатымен және тағы алты адам түрлі дене жарақатымен түскен. Арнайы жасақтың бір офицері қаза болды.

Мамандандырылған емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, дәрі-дәрмек пен қан жеткілікті мөлшерде бар.


Еске салсақ, кеше Қой-Таш ауылында кешкі сағат 20.00 шамасында күштік құрылымдар Қырғызстанның экс-президентін ұстамақ болған. Атамбаев бұл сәтте өз жақтастарымен әңгімелесуге шыққан, ауылда 200 дей адам болды, оның ішінде қариялар, әйелдер мен балалар да бар.

Жақтастары бес сағаттай Атамбаевтың үйін қорғап тұрды. Олар экс-президенті арнайы жасаққа бермей екінші ұстау әрекетіне де төтеп берді.

Кейін Алмазбек Атамбаев Қырғызстан билігіне үндеу жариялады. Онда мәселені қантөгіс жағдайына жеткізбей, құқықтық алаңда шешуге шақырды. 

Атамбаевтың жақтастары да билікті бейбіт келіссөздер өткізуге шақырып отыр.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық