Қазақстан-Түркия әуе рейсі маусымда ашылуы мүмкін

23 Мамыр 2020, 11:40
962
Бөлісу:
Қазақстан-Түркия әуе рейсі маусымда ашылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлымен телефонмен сөйлесті.

Бұл туралы аталмыш министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының ағымдағы жылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды. Теміржол көлігімен тасымал көлемі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 239 мың тонна құраған. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тоннаны құрады. Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, министрлер екі елде де эпидемиологиялық жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндіктерін талқылады. 

Өзгелердің жаңалығы