Мұсағалиев айтқан махаббат жайлы ән елді сүйсіндірді

18 Қараша 2019, 11:46
6266
Бөлісу:
Мұсағалиев айтқан махаббат жайлы ән елді сүйсіндірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әзілкеш және шоумен Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде ән айтты. Видеоны өзінің Іnstagram-дағы парақшасына көңілді тапқырлар клубының мүшесі Данияр Жұмағалиев салған екен. 

Қазақ тілінде айтқаның керемет, өлең махаббат жайында, - деп жазған ол.



Іnstagram қолданушылары видеоның астына өздерінің таңданыстарын жасырмай, жылы лебіздерін қалдырған екен. Көбі Мұсағалиевтің қазақ тілінде таза айтып отырғанына таңғалысқан. Кейбірі ана тілінде өлеңлерді көптеп айтуға кеңес те беріп жатты.
Қазақ тілін мүлде білмейді екен десем, акцентсіз айтады екен, жарайсың, - деп жазды тыңдарман.
 
Дауысы деген күшті екен ғой. Тек орысша өлеңдер айтушы еді. Қазақша өлеңдерді де жақсы айтады екен,- деді edil.kuttibay
Ақыры қазақша өлең айтып жатыр екен, қазақша КВН ойнағанын күтеміз, - деп жазды instagram қолданушысы bturmanbetov.
Азаның өз тілімізде ән айтқаны жақсы екен, - деп өз пікірін білдірді begalyev_b

Азамат Мұсағалиев "Сборная Камызякского края" КВН командасының капитаны, "Однажды в России" шоуының қатысушысы, тележүргізушісі, ТНТ телеарнасындағы  "Где логика?" бағдарламасының жүргізушісі. 

Естеріңізге сала кетейік, Мұсағалиев Скриптонит және Jah Khalib'ке пародия жасаған болатын. 


Өзгелердің жаңалығы