Ата-бабамыздың ерлігі тарихта мәңгі қалады – Қалмұрзаев
21 Қараша 2021, 13:15 111

Ата-бабамыздың ерлігі тарихта мәңгі қалады – Қалмұрзаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде орайластырылған.

Құрбандарды еске алумен тарихи жадыларды есте сақтау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде қазақ халқының өткені мен қаза болған батырларын еске ала отырып, тұғырлы тәуелсіздікті бағалауға септігін тигізетін көптеген іс-шаралар өткізіледі.

Кездесу барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне арналған «Рухани жаңғыру-патриотизм негізі» деп аталатын тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Содан кейін полиция қызметкерлері үшін залдарға экскурсия жүргізілді. Мұражайдағы экскурсия барысында қатысушылар «АЛЖИР» тұтқындарының қиын өмірі туралы біліп, мұражай экспонаттарын, тұтқындар тұрған барактардың макеттерін, «Отанын сатқандардың әйелдерінің» фотосуреттері мен жеке заттарын көріп танысты.

Мемориалдық кешеннің әрбір сәулеттік композициясы лагерь тұтқындарының ауыр өмір атмосферасын жеткізеді,

Мұндай іс-шаралар бізде патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді. Ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы тарихта мәңгі қалады, - дейді Патрульдік полиция полкінің жас қызметкері Айдарбек Қалмұрзаев.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...