Бас жаңалықтар
Қатаң бақылау шараларын енгізуіміз керек – Тоқаев
10 Шілде 2020, 13:05 190

Қатаң бақылау шараларын енгізуіміз керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоспарлаудың шалалығы, сатып алу құнының тым қымбаттығы, жекелеген іс-шаралардың тиімділігі мен қажеттігі әлі де түйткілді мәселелер бар екенін көрсетіп отыр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Есеп комитетіне қаражатты жұмсаудың тиімділігін талдауды тапсырды. 

Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігіне талдау жасауы қажет. Талдау өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар ерекшелігін ескере отырып жасалуы керек, - деді ол.

Қазақстан президенті қатаң бақылау шараларын енгізу қажеттігін айтты. 

Жоспарлаудың шалалығы, сатып алу құнының тым қымбаттығы, жекелеген іс-шаралардың тиімділігі мен қажеттігі әлі де түйткілді мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Сондықтан қатаң бақылау шараларын енгізуіміз керек. Әйтпесе бос сөзден нәтиже шықпайды, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...