Ата-анасы екпе салдырмаған балалар балабақшаға жіберілмейді деген рас па?

4 Тамыз 2021, 13:20
3925
Бөлісу:
Ата-анасы екпе салдырмаған балалар балабақшаға жіберілмейді деген рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы COVID-19-ға қарсы егілмеген балаларды балабақшаларға қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны талқылауда. 

Stopfake.kz мәліметінше, шын мәнінде, өңірдің және елдің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларында мұндай талаптар жоқ.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды.

Ата-анасы екпе салдырмаған балалар балабақшаға жіберілмейді деген рас па?

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14.07.2021 жылғы №32 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады, – деп хабарлады ведомстводан.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты.

Алайда, аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.

Демек, ҚР Бас санитарлық дәрігері ата-аналардың КВИ-ға қарсы вакцина алмауына байланысты балаларды балабақшаға, мектепке немесе басқа білім беру мекемесіне қабылдаудан бас тартылуы мүмкін деген қаулылар шығарған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы