Ат спортынан Ұлттар кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды

8 Тамыз 2020, 21:35
1355
Бөлісу:
Ат спортынан Ұлттар кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) конкурдан Барселонадағы Ұлттар Кубогінің финалдық кезеңі өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Бұл жарыс 2-4 қазан аралығында ұйымдастырылуы тиіс болған. Алайда, испандық ұйымдастырушылар халықаралық федерациямен ақылдаса келе, турнирді өткізбейтінін хабарлады. Бұған себеп – коронавирус індетінің бәсеңдемеуі. 

Айта кетейік, сәуірде індетке байланысты іріктеу кезеңдері де өткізілген жоқ.


Өзгелердің жаңалығы