Бас жаңалықтар
Бүгін
Ат спортынан төрешілер алқасы құрылды
13 Ақпан 2019, 14:55 519

Ат спортынан төрешілер алқасы құрылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өткен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде ат спорт түрлерінің, соның ішінде аударыспақ, көкпар, теңге ілу және жамбы атудың Бас төрешілері сайланды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы негізгі спорт түрі ретінде көкпар, аударспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарына басымдық беріп отыр. Осыған орай аталған спорттық ойындардың Бас төрешілері жиынға қатысушылардың дауыс беруімен сайланды.

Сонымен, Аударыспақтың Бас төрешісі – Жаныс Саев, Теңге ілудің Бас төрешісі – Рамазан Махатов, Көкпардың Бас төрешісі – Нұрдәулет Момынов, Жамбы атудың Бас төрешісі – Елдос Бадашов.

Осы орайда, Елдос Бадашовтың Жамбы атуға Бас төрешілігі алдағы уақытта ауысуы мүмкін. Себебі, Елдос болашақта мемлекеттік жаттықтырушы болатындығы айтылды.

Бас төреші 1 жылға сайланады. Оның қарамағында орынбасарлары, алаңдағы төреші, хатшы, техникалық төреші, медбике, диктор болады.

Бұл төрешілер алқасын құру жүйесі елімізде бір жыл бойы сынамалық жоба ретінде қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жастар жылы аясында Алматыда Азия чемпионаты өтетіні туралы және Елордада «Аударыспақ алыптары» сайысы өтуі мүмкін екенін хабарлағанбыз

Ержан Жаубай

Сізден жаңалық