Қасымхан Төлендиев: Шекарамызды дау-дамайсыз шегендеген

3 Мамыр 2019, 20:54
3557
Бөлісу:
Қасымхан Төлендиев: Шекарамызды дау-дамайсыз шегендеген

Тараз қаласы, BAQ.kz тілшісі. Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрұлтан Назарбаевтың егемен еліміздің іргесін қалаудағы еңбегі орасан. Ол тәуелсіз мемлекеттің экономикасын нарықтық тоқыраудан аман алып шығып, дамыған мемлекеттердің қатарына қосты. Халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеп, әл-ауқатын арттырды. Азаттық жылдарында мемлекетіміздің ІЖӨ еселеп өсіп, барлық саланың тамырына қан жүгірді.

Тараз қаласында өткен «Тәуелсіз мемлекет құрудағы және оның дамуындағы Елбасының рөлі» атты «дөңгелек үстел» отырысына қатысушылардың пікірі осыған саяды.

Жиында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Тұңғыш Президенттің адами беделінің арқасында ел шекарасы көрші мемлекеттермен дау-дамайсыз шегенделгенін айрықша атады.

«Елбасы көп ұлтты егемен елдің іргесін қалады. Оның тікелей араласуымен 2050 жылға дейінгі даму Стратегиямыз белгіленіп, жер бетіндегі ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат тұттық. Осы жолда 5 халықтық реформа, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламалы бекітілді. Халықтың әлеуетін асыруға бағытталған өзге де тапсырмалар мен міндеттер аясында жұмыс істеудеміз» - деді ол.

Айта кетейік, отырысқа үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, зиялы қауым, этномәдени орталық, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, диалог алаңында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірлік жолы туралы фильм көрсетілді.


Өзгелердің жаңалығы