Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

23 Маусым 2020, 11:45
2676
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында эпидемиямен күрестегі ең негізгі салмақ медицина қызметкерлеріне түскенін айтты.

Біз күн сайын еліміз бойынша медицина, полиция, қарулы күштер қызметкерлері, еріктілер мен қайырымдылық жасайтындардың түрлі ерлігіне куә болып жатамыз. Мен бүгін, ең алдымен, сіздерге алғыс айтқым келеді. Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жедел жәрдем қызметкерлері, эпидемиямен күрестегі ең негізгі салмақ сіздерге түсті. Сіздер күн сайын өздеріңіздің күш-жігерлеріңіздің мықты екенін дәлелдеп, батылдық танытып келесіздер. Нағыз патриотизм осындай сәттерде байқалады, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы түрлі қорғаныш костюмдері, қажетті препараттар, ауруханадағы төсек-орындардың жеткіліксіздігі сияқты өзге де мәселелер  жақын күндері шешімін табатынын жеткізді.

Пандемияның екінші кезеңі бола қалған жағдайда, сіздер қорғаныш костюмдері, қажетті препараттар, ауруханадағы төсек-орындардың жеткіліксіздігі және өзге де қиындықтарға тап болуларыңыз мүмкін. Бұл мәселелерді жақын күндері шешеміз. Үкіметке бұл жағдайды жедел реттеуге қатысты нақты тапсырма берілді. Мен сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен антқа деген беріктіктеріңізге алғыс айтқым келеді. Қазақстанда 100 тұрғынға 80-нен астам науқастан келеді. Бұл – әлемдік статистикаға сәйкес орташа көрсеткіш. Жағдай соншалықты нашар емес, бірақ жақсы да емес. Біз вирус жұқтыру статистикасын мұқият бақылап отырмыз. Бірақ, жазылып шыққандар статистикасын ұмытып кетіп жатамыз. Вирус жұқтырғандардың тең жартысы сапалы, тиімді ем қабылдап жатыр. Бұл - сіздердің қызметтеріңіздің нәтижесі, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы