Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді

15 Шілде 2019, 19:08
1067
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп мәлімдейді Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер корпусына халықтың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сондай-ақ, олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті алдағы астық жинау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізуді, дала мен орман өрттерін ескерту және оның алдын алу шараларын қабылдауды, сондай-ақ жылу беру маусымына әзірлік жүргізуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қойылған барлық міндеттің іске асырылуын бақылауды Президент Әкімшілігіне жүктеді.

Жиыннан кейін Мемлекет басшысы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін қабылдады.



Өзгелердің жаңалығы