Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды

26 Қаңтар 2020, 09:49
5146
Бөлісу:
Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды.

25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары 99 жасында Асыл Қабышқызы Қайсенова қайтыс болды. Қайсеновтар отбасына және туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманды болсын, - делінген Facebook желісінде жазушының атынан ашылған қауымдастық парақшасында.

Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы - 30 желтоқсан 2006, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы) - Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.

Өзгелердің жаңалығы