«Астықжан» мен «Тұлпардағы» өрт. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

8 Қараша 2021, 13:11
1057
Бөлісу:
«Астықжан» мен «Тұлпардағы» өрт. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты.

«Тұлпар» мен «Астықжан» сауда үйлерінде өрт болғаны белгілі. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 295-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Зерттеу себептерін анықтау үшін зерттеу сынақ орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр. Сынақ нәтижесі шыққан соң себебі айтылады. Тергеу барысы туралы Қылмыстық кодекстің 200-бабына сәйкес тергеу материалдары жария етілмейді, - деді Дербісов.
Айта кетейік, қыркүйек айында «Тұлпар» СО өртенген еді. Ал қазанда елордалық өрт сөндірушілердің күшімен «Астықжан» СҮ-індегі өрт сөндірілді. Өрттің ауданы алдын ала болжам бойынша 7 000 шаршы метрді құрады.
Өзгелердің жаңалығы