Астрахань жолының 60 шақырымы жақында ашылады

22 Қазан 2020, 02:48
1367
Бөлісу:
Астрахань жолының 60 шақырымы жақында ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ биыл Астрахань жолындағы төсемнің төменгі қабатымен көлік қозғалысына рұқсат беру жоспарланғанын хабарлады. Бұл туралы azh.kz жазды.

Бұл Құрманғазы ауданындағы РФ шекарасынан бері 833-893 учаскедегі 60 шақырым.    

Аталған учаскеде 12 көпір салынып, 22 су өткізу құбыры салынады. Құрылыс жұмыстарын «СинеМидасСтрой» БК» жүргізеді, техникалық қадағалауды «Тико-1» және «ZS Engineering» компаниялары жүзеге асырады.

Айта кетейік, аталған жол учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстарының құны 23 млрд теңгеге жуық. Ал Атырауға дейінгі жолдың қалған бөлігінде дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы